Жаңалықтар тізбегі
0

Депутаттар қиыршық тас, құм, қара топырақты заңсыз алу мәселесін көтерді

Дмитрий Кузмичев, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 21:46 Дмитрий Кузмичев
Карьерлер жұмысының жай-күйіне, қауіпсіздігіне және заңдылығына түгендеу жүргізуді сұрайды.

Бүгін Мәжіліс депутаттары Ф.Каратаев, К.Абасов, А.Қожахметов, Қ.Ержан және М.Елюбаевтар ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Р.Скляр мен ҚР Бас прокуроры Ғ.Нұрдәулетовке депутаттық сауал жолдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Депутаттық сауал карьерлердің заңсыз пайдалануынан туындаған қоршаған ортаға және халық денсаулығына орны толмас зиянмен байланысты.

Депутаттардың сөзінше, бұл ретте жер қойнауына және жер қойнауын пайдалануға байланысты қатынастарды құқықтық реттеудің барлық қағидаттары өрескел бұзылуда, әрі бұл жердің тозуына, құнарлы топырақ қабатының біржола жоғалуына әкеп соғады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 21:46

Сондай-ақ, сауалда экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, табиғи ресурстарды пайдалануды мемлекеттік реттеу, жерді қорғау және ұтымды пайдалану бөлігіндегі экологиялық және жер кодекстерінің талаптары сақталмайтыны айтылады:

"Nur Otan" партиясының Сайлауалды бағдарламасында "әрбір азаматқа – лайықты өмір" деп нақты көрсетілген. Сондықтан да баршамыз бірлесіп, халықтың жағдайын жақсартуды қамтамасыз етуіміз қажет.

Бас прокуратураның мәліметінше, соңғы үш жылда республикада карьерлерді заңсыз игеруге байланысты 303 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Оның ішінде Акмола облысында 32, Алматы облысында 39, Түркістан облысында 32, Шымкент қаласында 11, Павлодар облысында 23, Шығыс Қазақстан облысы бойынша 27, басқа облыстарда осындай жағдай тіркелген. Мысалы Нұр-Сұлтан қаласының маңында 54 заңсыз карьерлер анықталған, Жамбыл облысында жер қойнауын өз бетінше қазғандардың 32-і тіркелген. Бүгінгі таңда аталған мәселелер ашық күйінде қалып отыр.

Бұл жағдай біздің азаматтарымыздың негізделген наразылығын туындатады және бірқатар жағдайларда әлеуметтік шиеленістің себебі болып жатады.

Халқымыз "Ашынғаннан шығады ащы даусым" деп бекер айтпаған. Жуырда Атырау облысы, Тасқала ауылында карьердің жабылуын талап етіп жүздеген халық жан айқайын білдіріп митингіге шықты. Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Балтабай ауылдық округінде жер қойнауын қазатындар тұрғын үйлерден екі-ақ метр қашықтықта орналасқан карьерден тас, құм өндіріп, жұмыстарын алаңсыз атқаруда. Бұл заң талаптарына сай келмейді. Қарасай ауданында да дәл осындай жағдайлар туындауда. Түркістан облысыда осындай жағдайда Арыс, Бадам және Ақсу өзендерінің жан-жағы қазылуда. Оның ішінде Боралдай өзенінің бойында он алты жылдан бері тас, құм өндіретін карьер жұмыс істеп тұр. Карьерде қазба жұмыстарын жүргізу салдарынан аталған өзеннің суы тартылып, "Қызыл кітапқа" енген балықтар он есеге азайып кеткен. Сол секілді Алматы қаласындағы нөмірі №1 карьер көп қабатты тұрғын үйдің жанында орналасқан. Карьерді пайдаланушы ол жерде ешқандай рұқсатсыз, заңсыз жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар аталған карьерлерге рекультивация жұмыстары жасалмаған. Сонымен қоса, Ақмола облысында өз бетінше рұқсатсыз карьерде жұмыс жасаған 6 факт тіркелген және жер қойнауын пайдаланушылардың 28 - де рұқсаттары болмаған.

Осылайша, көптеген өңірлерде кең таралған пайдалы қазбаларды – (КПҚ) қиыршық тасты, құмды, сазды, қара топырақты және олардың басқа да түрлерін заңсыз өндірудің көптеген фактілері байқалады, ал қоршаған ортаға келтірілген залалдың жалпы сомасы миллиардтаған теңгені құрайды.

Бұдан басқа, ластанған ауаның салдарынан халық денсаулығының нашарлауы, сондай-ақ заңсыз әрекеттердің салдарынан инфрақұрылымның бұзылуы алаңдатарлық үрдіс болып отыр.

Осыған орай, жоғарыда айтылғандардың негізінде қоршаған ортаны қорғау және халықтың құқықтарын қорғау, сондай-ақ, жақын елді мекендерде және су бассейндерде орналасқан игерілетін карьерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін:

- Карьерлер жұмысының жай-күйіне, қауіпсіздігіне және заңдылығына түгендеу жүргізуді;

- Карьерлердің жұмысын "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 27 желтоқсандағы № 125-VI ҚРЗ Кодексінің талаптарына сәйкес келтіруді;

- Карьерлерге және жалпы пайдалы қазбаларды өндіруге жер бөлу процесінің ашықтығын арттыруды;

- Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы кең таралған пайдалы қазбаларды өндірудің заңнама талаптарына сәйкес тексеру жүргізуді ұсынамыз.

Депутаттық сауалға "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Конституциялық заңның 27-ші бабына сәйкес жазбаша берулеріңізді сұраймыз, делінеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: