Жаңалықтар тізбегі
0

Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Елбасы сайты, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 21:59 Елбасы сайты
Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайдағы әскери құрылым мен Қарулы Күштердің конфигурациясында жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

19 мамырда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасының төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды zakon.kz.

Елбасы сайтының келтірген мәліметінше, отырыс барысында Қарулы Күштерді, басқа да әскерлер мен әскери құрылымдарды 2030 жылға дейін құру және дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралып, сондай-ақ шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі жағдайдағы әскери құрылым мен Қарулы Күштердің конфигурациясында жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттілігін атап өтті.

Біз барлық көршімен берік достық қарым-қатынас және жетекші державалармен берік әріптестік орнаттық. Сонымен қатар мықты әскер – ел қауіпсіздігінің маңызды кепілі, - деді Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы.

Елбасы бүгінде асимметриялық және гибридті қатерлерді тойтаруға дайындық, жаңа технологияларды енгізу және әскери процестерді басқаруды автоматтандыру маңызды мәнге ие болып отырғанын мәлімдеді.

Біздің Қарулы Күштеріміз егемендік пен аумақтық тұтастықты, ұлттық мүдделерді қорғауға қабілетті болуы керек. Осының бәрі таяудағы онжылдықта әскерді дамытуды жоспарлау кезінде ескерілуі тиіс, - деп тапсырды Нұрсұлтан Назарбаев.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 21:59

Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін шешу Шекара қызметінің жұмысын және шекараны қорғау әдістерін жетілдіруді ғана емес, сондай-ақ экономикалық, ақпараттық, қоғамдық және әскери қауіпсіздік бағыттарына байланысты жүйелі шараларды талап ететінін атап өтті.

Шекараны қауіп-қатердің барлық түрлерінен сенімді түрде қорғауды қамтамасыз ету қажет. Шекара қызметі мен Қарулы Күштердің құрылымы үндестіріліп, бірыңғай стандарттар бойынша жүргізілуі тиіс. Сонымен қатар біз шекара қауіпсіздігі мәселесін кешенді, жүйелі түрде қарауымыз керек, - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сондай-ақ, елдің аумақтық-кеңістік дамуының басымдықтары шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттермен сәйкес келуі тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: