Жаңалықтар тізбегі
0

Вакцина алған төрт адамның өлімі. Министрлік түсінік берді

bashinform.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.05.2021 23:40 bashinform.ru
Барлық жағдайлар Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында.

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинаят Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте коронавирус инфекциясына қарсы вакцина алғаннан соң көз жұмған қазақстандықтардың ісін тергеуге байланысты сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Барлық жағдайлар Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Алматы облысында алғашқы жағдай қалалық перзентханада жұмыс істеген әріптесімізге қатысты тіркелді. Комиссияның жұмысы аяқталды. Ол созылмалы жүрек ауруымен ауырған, диспансерлік есепте тұрған, бірақ уақтылы дәрігерге қаралмаған, гипертензияға қарсы дәрі ішпеген. Сондай-ақ, комиссия вакциналарды сақтау және оны медициналық ұйымның қабылдауына дейінгі барлық жолдарды, барлық санитарлық нормаларға сәйкестігін талдады. Сот-медициналық зерттеудің нәтижелері дайын және комиссияның шешуші қорытындысына сәйкес, бұл вакцина вирусомия тудыруы мүмкін емес екенін ескерілді, яғни дәл осы науқастың мәйітінен вирусомия белгілері немесе вирустармен, атап айтқанда коронавирус вирусымен органдардың зақымдану белгілері анықталмады, соған сәйкес өлімге епкенің қатысы жоқтығы нақтыланды. Негізгі себеп - созылмалы жүрек талмасы ауруы, оның вакцинациямен ешқандай байланысы жоқ, - деп түсіндірді Ғинаят.

Ол тағы бірнеше істі тергеудің қазіргі жағдайы туралы айтты.

Екінші жағдай - Алматыда дәрігерге қаралмаған, диспансерлік есепте тұрмаған, қалалық емханада вакцинаның екінші компонентін алған ер адам.

Науқаста қан қысымы көтеріліп, жүрек ауруы болған. Бұл мәселе бойынша сот-медициналық сараптама әлі аяқталған жоқ, комиссия жұмыс істеп жатыр, сондықтан оның әлі қорытындысы шыққан жоқ. Ақтөбе облысында үшінші жағдай тіркелді. Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы комиссиясының қорытындысына сәйкес, науқас созылмалы ауруға шалдыққан, бұл көбіне ишемиялық инсультке алып келетін аритмия. Оның да вакцинациямен байланысы анықталған жоқ. Бүгінгі күнге дейінгі төртінші іс - екінші компонентті алғанына 12-ші күн болған науқастың жағдайы. Бірақ бұл арада да комиссия жұмыс істейді, оның қоыртындысын қосымша хабарлаймыз, - деп сөзін аяқтады вице-министр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: