Нұр-Сұлтан полициясында жемқор басшылар бар екені біліне бастады
ada-adv.kz
Қазақтардың қолынан ақыры бірдеңе келді.
Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің басшылығы өз қатарында жұмыс істеп жүрген жемқор шенеуніктерді әшкереледі, деп хабарлайды zakon.kz Нұр-Сұлтан ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сыбайлас жемқорлықты жою, өз қатарында тәртіп орнату, сондай-ақ халықтың сенімін арттыру мақсатында Нұр-Сұлтан ПД Тергеу басқармасы бастығының және сол басқарманың басқа лауазымды тұлғаларының қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны анықталды.
Қазіргі уақытта оларға қатысты тергеу іс-шаралары жүргізілуде.
Нұр-Сұлтан ПД Ішкі қауіпсіздік басқармасы менің тапсырмам бойынша Департамент басшылығының орта буыны мен басқа лауазымды тұлғаларына қатысты сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша тексеру жүргізді. Тексеру нәтижелері бойынша тергеу басталды, - деді Нұр-Сұлтан ПД басшысы Е.Саденов.
Тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат жария етуге жатпайды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript