Жаңалықтар тізбегі
0

Журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына өтінімдер қабылдау басталды

Мәжілістің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.05.2021 16:46 Мәжілістің баспасөз қызметі
Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы тағайындалған.

Бүгіннен бастап Мәжіліс заң шығару қызметін үздік насихаттаған журналистерге арналған "Парламент сөзі" сыйлығына үміткерлерден өтінім қабылдауды бастайды, деп хабарлайды zakon.kz.

Арнайы парламенттік сыйлық 2016 жылы Палата Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс Бюросының шешімі бойынша тағайындалған.

Пандемия жағдайына қарамастан Мәжілістің заң шығару жұмысы тұрақты және ашық түрде жүргізіліп, барлық іс-шаралар бойынша мәліметтер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне жүйелі түрде ұсынылып отырды.

Дәстүрлі түрде қорытындылау және сыйлық жеңімпаздарын анықтау журналистердің кәсіби мерекесі - Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында өтеді.

Атаулы сыйлыққа Палата­ның заң шығарушылық қыз­меті жайында 2020 жылдың қыр­күйегі мен 2021 жылғы 15 маусым аралығында жарияланған және эфирге шыққан материалдар қабылданады.

Жеңімпаздар Мәжі­лістің қызметі туралы үздік телевизиялық, мерзімдік баспасөз, ғаламтор мен радиоматериалдар, сонымен бірге, фото және бей­не-материалдар бойынша анық­талады. Сондай-ақ, Қазақстандағы парламенттік журналистиканы дамытуға қосқан үлесі үшін номинациясы да аталып өтіледі.

Өтінімдер 2021 жылдың 18 мау­сымына дейін қабылданады.

Қосымша ақпаратты Мәжілістің www.parlam.kz ресми сайтынан алуға болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: