Өткен демалыс күндері коронавирус пен пневмониядан 25 адам көз жұмды

Pixabay, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2021 16:05 Pixabay
24 мамырдағы жағдай бойынша 33 002 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алып жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі эпидахуалға байланысты тіркелген кісі өлімі статистикасын ұсынды, деп хабарлайды zakon.kz.

2021 жылы 22 мамырда коронавирус инфекциясы белгілері бар пневмонияның 15 жағдайы, 4 кісі өлімі тіркелді, 34 адам ауруынан емделіп, жазылды. 1 тамыздан бастап тіркелген деректер: 54 706 жағдай, кісі өлімі - 888, ауруынан емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 50 839, - деп хабарлады Коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі ВАК.

24 мамырдағы жағдай бойынша елімізде коронавирусқа шалдығушылар туралы ақпарат

24 мамырдағы жағдай бойынша 33 002 адам коронавирус инфекциясынан ем-дом алып жатыр (32.479: КВИ + және 523: КВИ -), оның 13 030-ы стационарда, ал 19 972 науқас амбулаториялық деңгейде ем алуда.

КВИ + және КВИ- науқастар арасында:

- ауыр жағдайда - 729 науқас,

- өте ауыр дәрежеде - 178 науқас,

- тыныс алу аппаратына қосылғандары - 99 науқас.

COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдығушылар туралы мәліметтер

2021 жылдың 23 мамырындағы жағдай бойынша аурудың 15 жаңа жағдайы тіркелді. 34 адам сауығып кетті.

2020 жылдың 1 тамызынан бастап 54 706 жағдай тіркелді, ал емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 50 839.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2021 16:05

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: