Қазақстанда фудкорттар ашылатын болды

Алматы ТВ, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.05.2021 20:44 Алматы ТВ
Ashyq жүйесін Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістанның әуежайлары 31 мамырдан, ал Ақтау мен Қостанай қаласының әуежайлары 7 маусымнан бастап қолданады.

Қазақстанда карантиндік шектеулер жұмсартылады, деп хабарлайды zakon.kz.

Хабар 24-тің хабарлауынша, бас мемлекеттік санитарлық дәрігер жаңа қаулыға қол қойып, сауда ойын-сауық орталықтарында орналасқан фудкорттардың ашылуына рұқсат берді. Бірақ келушілер Ashyq қосымшасы арқылы денсаулығына қатысты мәліметті растауы тиіс.

Бұл жүйені кәсіпкерліктің барлық түрі енгізуі шарт. Тек фудкорттар емес, кинотеатр, фитнес-орталық, монша, компьютерлік клуб, театр және туристік нысандарға ереже ортақ.

Сондай-ақ Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Түркістанның әуежайлары 31 мамырдан, ал Ақтау мен Қостанай қаласының әуежайлары 7 маусымнан бастап қолданады.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: