Жаңалықтар тізбегі
0

Қытай мен үндістандықтар Қазақстан әуежайларында 72 сағат визасыз жүреді

ҚР ИИДМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2020 21:06 ҚР ИИДМ
Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларының қатарына Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының әуежайлары қосылды.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі еліміздің транзиттік әлеуетін дамыту бойынша жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін арттыру, "Астана" халықаралық қаржы орталығының көліктік қол жетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 30 желтоқсандағы № 1028 қаулысымен Қазақстан Республикасына келудің, болудың және кетудің ережесіне өзгерістер енгізілді. Арнайы транзиттік тәртіп аясында жұмыс істейтін халықаралық әуежайлардың тізімі 4 қаланың әуежайымен толықтырылған. Нұр-Сұлтан және Алматы әуежайларының қатарына Шымкент, Ақтау, Қарағанды және Тараз қалаларының әуежайлары қосылды.

Сондай-ақ, бұл режимнің күші енді қазақстандық және өзге де шетелдік әуе компанияларымен саяхаттаған екі елдің жолаушыларына да таралады.

Қытай Халық Республикасы мен Үндістан Республикасының азаматтары үшін бұрын енгізілген Қазақстан Республикасына келудің, болудың және кетудің 72 сағаттық визасыз тәртібі 2020 жылғы 31 желтоқсанғы сағат 23.59-қа дейін қолданыста болады.

Осылайша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қарағанды, Тараз әуежайлары арқылы қазақстандық және шетелдік әуе компаниялармен саяхаттайтын ҚХР және Үндістан елдерінің транзиттік азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында 72 сағаттық визасыз режимді қолдана алады.

Жедел мәліметке сәйкес, Қазақстан Республикасы арқылы өтетін әуе көлігімен саяхаттаған транзиттік жолаушылар ағыны 2019 жылы 1 млн жолаушыдан асты. 2018 жылмен салыстырғанда өсім шамамен 11%-ды құрады. Енгізілген толықтырулар Қазақстан Республикасы арқылы транзиттік жолаушылар санының артуына ықпал ететін болады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: