Жаңалықтар тізбегі
0

Президент 2021-2023 жылдарғы бюджетке өзгеріс енгізу туралы заңға қол қойды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 15:39 Ақорда
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев өзгерістер мен толықтырулар енгізілген "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

2021 жылға арналған бюджет шығыстары 1,3 трлн теңгеге ұлғайып, 15,3 трлн теңгені құрады, оның ішінде Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыруға - 844,4 млрд.теңге, коронавирус инфекциясымен күресуге бағытталған шараларға - 265,3 млрд.теңге, оның ішінде 69,5 млрд. теңгесі медициналық қызметкерлерге қосымша төлемдер үшін, үкіметтік резервті ұлғайту үшін - 100 миллиард теңге, иммунобиологиялық препараттарды шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын аяқтауға - 1,5 млрд теңге, клиникалық зерттеулердің I / II және III фазаларын өткізген COVID-19 коронавирус инфекциясына қарсы субинит және инактивацияланған отандық кандидат вакцинасына - 1,4 млрд. теңге бөлінді.

Сондай-ақ, бюджет шығыстары Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауларында берілген тапсырмаларын орындауға - 154,6 миллиард теңге және мемлекеттің бұрын қабылдаған міндеттемелерін орындауға - 182,7 миллиард теңге есептелген.

2021 жылдың аяғында Үкімет Қазақстандағы ЖІӨ өсімін 3,1%, номиналды ЖІӨ - 77 869 миллиард теңге мөлшеріне жеткізуді мақсат етеді, бұл бекітілген болжамнан 1 207 миллиард теңгеге жоғары, жан басына шаққандағы ЖІӨ - 9 655 мың АҚШ доллары. Мақсатты инфляция деңгейі бұрын бекітілген 4,0-6,0% шегінде сақталды.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: