Жаңалықтар тізбегі
0

Сағынтаев түлектерді оқу жылының аяқталуымен құттықтады

facebook.com/sagintayev.b, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 15:48 facebook.com/sagintayev.b
Оқушылардың 97%-ы қашықтан білім алды.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өзінің Facebook-тегі парақшасында алматылық мектеп түлектері мен мұғалімдерді құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Әкім биыл 11 337 мектеп бітіруші үшін қоңырау соғылатынын хабарлады. Жас түлектің 642-сі "Алтын белгіге", 758-і үздік аттестатқа үміткер екенін айтты.

Биылғы оқу жылы пандемияға байланысты толығымен онлайн форматта өтті. Оқушылардың 97%-ы қашықтан білім алды.

Мұғалімдер шыдамдылық танытып, ата-аналар қолдау білдіріп, ал балалар еңбекқорлығы мен күш-жігерін көрсеткені үшін алғыс айтамын, — деп жазды әкім және үйлесімді жұмыстың арқасында балалар оқуда жақсы нәтиже көрсеткенін атап өтті.

Еске салсақ, Алматы командасы оқушылар арасындағы жалпы білім беретін пәндер бойынша жыл сайынғы республикалық олимпиада 18 рет жеңіске жеткен болатын.

Құрметті түлектер! Жаңа өмір әлеміне нық сеніммен қадам басқалы тұрсыздар. Аңсаған армандарың орындалып, алға қойған мақсаттарыңа жетіңдер! Сіздерге зор денсаулық пен табыс тілеймін! Ақ жол!, — деп қорытындылады қала әкімі.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: