Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2020 19:29 видеодан алынды
2020 жылдың оқу жылындағы соңғы қоңырау шарасы оқушылар үшін онлайн режимде өтті.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтады, деп хабарлайды zakon.kz.

Биыл 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау онлайн режимінде өтеді. 3 маусымда санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып мектеп бітірушілері үшін аттестат тапсыру салтанаты өтеді.

"Биылғы сабақ ерекше форматта өтіп жатыр. Әлемдік пандемия біздің күнделікті өмірімізді түбегейлі өзгертті. Биылғы оқу 4 миллионннан астам оқушы мен студент үшін қашықтықтан оқыту форматы сипатында есінде қалады деп ойлаймын.Қысқа уақыттың ішінде барлығыңыз жұмысты дұрыс ұйымдастыра білдіңіздер. Бұл - мұғалімдердің, ата-аналардың, оқушылардың бірлескен әрекетінің нәтижесі деп білемін" деген министр Facebook-тегі парақшасына жүктеген видеодағы құттықтау сөзінде осы үшеудің әрқайсысына жекелей тоқталады.

Министрдің құттықтауын төмендегі видеодан толықтай тамашалай аласыздар:

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: