Жаңалықтар тізбегі
0

Тендер алған кәсіпкер алюминий орнына темір пайдаланып, 24 млн теңге пайда көрді

Mmanokhin / wikipedia.org, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.05.2021 18:50 Mmanokhin / wikipedia.org
Сот актісі заңды күшіне енді.

Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан сотының 2021 жылдың 29 сәуіріндегі үкімімен "SMК INVEST" ЖШС-нің директоры 5 жылға шартты түрде сотталды, деп хабарлайды zakon.kz Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Атап айтқанда, мемлекеттік сатып алу саласын тексеру шеңберінде облыс прокуратурасы "Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында тұрғын үй шатырының қасбеттерін жөндеу кезінде (Приканальная-31) алюминийден жасалған панельдерді пайдалану көзделгеніне қарамастан, мырышталған болаттан жасалған арзан материалдарды пайдалану арқылы 24 млн теңгеден астам сомаға бюджет қаражатын ұрлау фактісін анықтады.

Нәтижесінде кәсіпорын директорына қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағына сәйкес (алаяқтық) қылмыстық іс тіркелді, тергеуді облыс прокуратурасының Арнайы прокурорлар басқармасы жүргізді.

Сот ЖШС директорының кінәсін анықтады. Соңғы кінәсін толық көлемде мойындап, мемлекетке келтірілген шығынды өтеді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: