Жаңалықтар тізбегі
0

Сауд Арабиясы 2021 жылғы қажылықтың ерекше талаптарын жария етті

muftyat.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2021 18:19 muftyat.kz
Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау қажылардан талап етіледі.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Денсаулық сақтау министрлігі Қажылық-2021 маусымына дайындық шеңберіндегі арнайы талаптарды жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

Осы ретте әлемдегі пандемиялық жағдайдағы "Қажылық-2021" маусымындағы Саудия тарапының негізгі талаптарына назар аудару қажеттігін атап өтеміз:

- Биылғы қажылық маусымындағы қажылар саны 60 мың адамға белгіленген.

- Қажылық жасауға 18-60 жастар аралығындағы азаматтар өтініш бере алады.

- Сауд Арабиясында ресми бекітілген вакцина түрлерінің (Pfizer-BioNTech, AstraZeneca, Johnson&Johnson және Moderna) екі дозасын қабылдау қажылардан талап етіледі. Екінші дозаны Корольдікке барудан 14 тәулік бұрын қабылдауы тиіс.

- Шет елдерден келген кісілерге қажылық құлшылығына қатысы жоқ өзге аймақтарға баруына тыйым салынады.

Сонымен қатар, әр қажы жоғарыда аталған вакциналардың бірін қабылдағаны туралы өз елінің құзыретті органдарынан анықтама алуы және оны Сауд Арабиясының шет мемлекеттердегі елшіліктерінде заңдастыруы керек.

Бұған қосымша әр қажыдан Корольдікке келген кезде 72 сағатқа жарамды теріс нәтижелі ПТР-тест анықтамасын да көрсету талап етіледі.

Қажылар Мекке аймағында бір орыннан екінші орынға көшкен уақытта барлық денсаулық сақтау шараларын қатаң сақтауы тиіс. Сондай-ақ бекітілген ережелерге толық бағыну қажет.

Алайда "Қажылық-2021" маусымында қандай мемлекеттен қанша адам шақырылатыны жайлы жаңалықты Саудия билігі әзірге таратпай отыр. Қажылық маусымына қатысты жаңа ақпараттар мен қосымша талаптар болған жағдайда қосымша хабарланады.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: