Президент Алматыдағы екінші ЖЭО-ны газға көшіру жайында: Енді созбақтауға негіз жоқ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2021 23:42 zakon.kz
Бұл мәселенің стратегиялық мәні бар.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы екінші ЖЭО-ны модернизациялау жұмысын бастауды тапсырды, деп хабарлайды zakon.kz.

Мемлекет басшысы қуат беретін жаңа көздерді жаңғыртудың және іске қосудың маңыздылығын атап өтті.

Президент Алматыдағы екінші ЖЭО-ны газға көшіру жобасына арнайы тоқталды.

Бұл мәселенің стратегиялық мәні бар. Алматы қаласының экологиясы және тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруы аталған проблеманың шешілуіне байланысты. Сондықтан Үкіметке, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорына әкімдікпен бірлесіп, екінші ЖЭО-ны жаңғырту жобасына қатысты мәселені түбегейлі нақтылауды және оны жуық арада іске асыруды тапсырамын. Мұны одан әрі соза беруге болмайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Алматыда екінші ЖЭО-ны газға ауыстыру жоспарланып отыр. Бұл қоршаған ортаға кері әсерді азайту және зиянды заттардың ауаға бөлінуін азайту мақсатында жасалады. Газға түпкілікті көшу 2025 жылға қарай күтілуде. Екінші ЖЭО-дағы алғашқы газ қазандықтары 2023 жылы жұмыс істей бастайтыны атап өтіледі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: