Каспийде Қазақстан мен Ресейдің бірлескен әскери-теңіз оқу-жаттығуы аяқталды

ҚР Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:50 ҚР Қорғаныс министрлігі
Бірлескен оқу-жаттығуы мамырдың 19 мен 25 аралығында өтті.

Қазақстан Республикасының Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясының Каспий флотилиясы арасындағы бірлескен оқу-жаттығудың бірінші кезеңінде экономикалық қызмет объектілерін күзету мен қорғауды жоспарлауда штабтардың іс жүзіндегі іс-қимылдары пысықталды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап. Екіншіде – Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кемелердің іс-қимылы, ал үшінші кезеңде осындай іс-қимыл Каспий теңізінің ресейлік су айлағында орындалды.

– Экипаждар ауқымды практикалық тәжірибе жинақтап, жоғары ептілік көрсетті. Жауынгерлік іс-қимыл аудандарына кемелерді күшейту кезінде тралдарды алып өтудегі іс-қимылдар, теңізбен өту кезінде корабльдерді күзету мен қорғау, сондай-ақ әуе қарсыласымен, оның ішінде ұшқышсыз ұшу аппарттарымен күрес жүргізу, қарсыластың кемелері мен катерлерінің, оның ішінде шахид-катерлердің шабуылын көрсету пысықталды, - деді Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы контр-адмирал Сәкен Бекжанов.

Әскери теңізшілер су үсті және әуе нысаналарына артиллерия мен зымыран қаруынан жауынгерлік оқу-жаттығу атыстарын орындады.

Каспий теңізінде әскери-теңіз күштерінің бірлескен оқу-жаттығуы мамырдың 19 мен 25 аралығында өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 14:50

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: