Директорлар кеңесі "Бәйтерек" холдингін оңтайландыруды мақұлдады

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:31 ПМ
Холдингтің проактивті рөлі мен клиентке бағдарлануы күшейтілді.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ директорлар кеңесінің отырысында Холдингтің даму стратегиясы мен құрылымын оңтайландыру мәселелері қаралды.

"Бәйтерек" холдингінің 2024 жылға дейінгі түзетілген Даму стратегиясының жобасы бекітілді, оған қызметтің жаңа бағыты – агроөнеркәсіптік кешенді дамыту енгізілді.

Стратегияда Бірыңғай тұрғын үй құрылысы операторын құру және Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкін "Отбасы банк" АҚ етіп қайта құру бөлігінде Холдингтің тұрғын үй блогы қайта қаралды. Ірі, шағын және орта бизнесті қаржылық қолдау және экспорттық әлеуетін дамыту құралдары кеңейтілді, Холдингтің проактивті рөлі мен клиентке бағдарлануы күшейтілді.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.05.2021 21:31

Отырыста сондай-ақ 2020 жылғы жылдық қаржылық есептілік, корпоративтік басқаруды жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары, тәуекелдерді басқару және Холдингтің ішкі бақылау мәселелері қаралды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: