Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда заңсыз айналымнан 328 атыс қаруы тәркіленді

vse.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.05.2021 17:34 vse.kz
Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін ҚР ҚК 287-бабы бойынша 134 материал тіркелді.

Ішкі істер министрлігі 17 мамырдан бастап республика аумағында "Қару" жедел-алдын алу іс-шараларын жүргізуде, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жедел іс-шараның мақсаты-қаруды қолдану арқылы жасалатын қылмыстардың алдын алу, заңсыз айналымнан қару мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу, сондай-ақ азаматтық және қызметтік қару айналымына бақылауды жүзеге асыру.

Жедел алдын алу іс-шарасы барысында полиция органдары заңсыз айналымнан 328 бірліктен астам атыс қаруын тәркіледі. Оның ішінде 212 дана тегіс ұңғылы қару, 38 дана газды қару, 9 қолдан жасалған қару, 27 дана травматикалық қару, 18 электрлік қару алынды.

Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін ҚР ҚК 287-бабы бойынша 134 материал тіркелді.

Қаруды заңсыз сақтағаны және алып жүргені үшін 195 азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 482-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Бұдан басқа, 994 заңды тұлға тексерілді. Оның ішінде 72 қару-жарақ саудасы бойынша мамандандырылған дүкен, 9782 фермерлік және шаруа қожалықтары және 84490 азаматтық қару иелері тексерілді.
Тексеру нәтижесінде 3196 тәртіп бұзушылық анықталды. Оның 2404-ті қаруды сақтау және алып жүру ережелері бұзса, 792-сі қаруды тіркеу және қайта тіркеу тәртібі бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: