Жаңалықтар тізбегі
0

Үкіметте елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды

primeminister.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2021 16:47 primeminister.kz
Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды zakon.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап..

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халықты вакциналау барысы мен қазіргі жағдай туралы баяндады.

Қазақстанда санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғаны байқалады. COVID-19 сырқаттану деңгейі 20%-ға, вирустың репродуктивтік индексі 0,86-ға дейін, инфекциялық төсек-орындардың қамтылуы 28%, реанимациялық төсек-орындар 24% дейін төмендеді.

3 өңір "қызыл аймақта" тұр: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстары. "Сары аймақта" 6 өңір: Алматы қаласы, Атырау, Павлодар, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары. Қалған 8 өңір "жасыл аймақта".

Бүгінгі таңда 2,1 млн-нан астам адам бірінші компонентті, 1 млн-нан астам адам екінші компонентті алды. Маусым айында бірінші компоненттің 2 млн дозасы мен екінші компоненттің 2 млн дозасы қолжетімді болады.

Үкімет басшысы Денсаулық сақтау министрлігі мен әкімдіктерге маусым айында халықты вакциналау қарқынын едәуір арттыруды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігіне Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен бірлесіп, "Ashyq" мобильді қосымшасының үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оның қызмет көрсету секторында қолданылуын одан әрі кеңейту бойынша шаралар қабылдау тапсырылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: