Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысы медициналық туризм орталығына айналады

ҚР ДСМ баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.06.2021 20:45 ҚР ДСМ баспасөз қызметі
Түркістан қаласында Симуляциялық орталық салу жоспарлануда.

Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспары аясында өңірде 10 денсаулық сақтау нысанының құрылысы қарастырылған, оның ішінде 7-і Түркістан қаласында және үш нысан Арыс және Сарыағаш қалаларында, деп хабарлады бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Түркістан облысындағы бала туудың ең жоғары көрсеткіші Сарыағаш ауданында тіркелген. 2020 жылы ол 1000 тұрғынға 31,9 құрады. Сондықтан өңірдегі маңызды нысан - Сарыағаш қаласындағы орталық аудандық аурухана жанынан 240 төсектік перинаталдық орталық салу. Орталықтың ашылуы Келес, Жетісай, Мақтаарал және Шардара аудандарындағы жүкті әйелдерге білікті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Айта кету керек, бұл аудандар халқының саны 723 926 адамды немесе облыс халқының жалпы санының 35% - ын құрайды. Сондай-ақ, бұл аудандарда 21 508 босану тіркелген, бұл облыс бойынша босанудың жалпы санының 36%-ын құрайды. Сонымен қатар, Кешенді даму жоспары аясында Арыс және Сарыағаш қалаларында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын екі типтік емхана салу жоспарлануда.

Түркістан қаласында тағы жеті медициналық нысанды іске асыру жоспарланған. Осылайша, YDA компаниясы облыс тұрғындары мен қонақтарына жоғары технологиялық қызмет көрсететін «570 төсектік облыстық көпбейінді аурухана құрылысы» мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға қызығушылық танытты.

Сондай-ақ, 190 төсектік облыстық балалар ауруханасын салу, 500 келушіге арналған қалалық емхана салу, Түркістан қаласында Симуляциялық орталық салу жоспарлануда.

Бұл орталықта дәрігерлер біліктілікті арттырудан, нақты клиникалық жағдайларда практикалық дағдыларды пысықтаудан өтетін болады. Жоғары медициналық технологияларды оқытуды әртүрлі модельдерде, тренажерлар мен виртуалды симуляторларда жүргізу жоспарлануда, бұл медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінің процестерін, жағдайларын және өзге де аспектілерін шынайы модельдеуге мүмкіндік береді, - деді А.Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы бүгінгі таңда қалада халыққа білікті амбулаториялық стоматологиялық көмек көрсету үшін стоматологиялық емхана жоқ екенін атап өтті. Бұл мәселені шешу үшін бір ауысымда 300 адам қабылдайтын стоматологиялық емхана салу көзделіп отыр. Сондай-ақ, Түркістанда жедел медициналық жәрдем станциясы бар, бірақ ол типтік емес ғимараттарда орналасқан. Осыған байланысты, 25 бригадаға арналған жаңа станция салу және H.H. Sheikh Mohamed Bin Zayed Al Nahyan қорынан ана мен бала орталығының құрылысы болжанып отыр.

Салынған нысандардың құрылысы 280 млрд инвестиция тартуға, ана мен бала өлімін азайтуға, өңірдегі жұмыссыздық деңгейін төмендетуге, 2779 жаңа жұмыс орындарын құруға және ұзақ мерзімді кезеңге жұмыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді, - деп атап өтті Денсаулық сақтау министрі.

Салынған объектілер білікті, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігін және сапасын арттыруға, сондай-ақ төсектермен қамтамасыз етуді орташа республикалық деңгейден жоғары деңгейге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: