Қазақстан AstraZeneca вакцинасын алудан бас тартты
liter.kz
Johnson & Johnson және Moderna вакциналары бойынша да нәтиже жоқ.
AstraZeneca вакцинасының өндірушілермен келіссөздер тоқтатылды. Оған осы вакцинаға қатысты жағымсыз жағдайлар негіз болды, деді "СК-Фармация" ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.
- Барлық вакциналар бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр, бірақ AstraZeneca-мен келіссөздер тоқтатылды, себебі вакцинаның айналасында негатив өте көп. Pfizer бойынша келіссөздер үнемі жүргізілуде, бірақ жеткізу кестесі жоқ және белгілі бір талаптары бар, - деді Есқалиев.
Қалған вакциналарға келсек, кейбірі бойынша келіссөздер сәтті аяқталды.
- Бұл жұмыстармен Денсаулық сақтау министрлігі айналысады, үкіметтік деңгейде де жұмыстар жүргізілуде, CoronaVac вакцинасы бойынша Қытайдағы Қазақстанның елшілігі көмектесті, - деп нақтылады ол.
Сонымен бірге, Johnson & Johnson және Moderna вакциналары бойынша келіссөздер жүргізілуде, бірақ әзірге нәтиже жоқ екен.
- Олар бойынша өндіріс көлемі жоқ және кестелерді ешкім растамай отыр, сол үшін әзірге еш нәтиже жоқ, - деп түсіндірді "СК-Фармация" басшысы.
Дистрибьютор Pfizer-ге қатысты келіссөздерге қатыспайды, сондықтан нақты ақпарат жоқ.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript