Нығматулин Қазақстандағы Әзербайжанның елшісін қабылдады

Ж.Құспанов, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.06.2021 17:53 Ж.Құспанов
Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті.

7 маусымда Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммадовты қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz.

Тараптар екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамыту төңірегінде ортақ ойларымен бөлісті.

Сондай-ақ, кездесуде Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы әріптестікке қатысты бірқатар мәселелер талқыланып, Палата cпикері елшіге екі ел қарым-қатынасын, соның ішінде, парламентаралық байланысты нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті. Палата төрағасы Қазақстанның Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев елдер арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға күш салып, Әзербайжанмен өзара байланыстың ерекше маңыздылығына назар аударатынын айтты.

Сонымен қатар, Нұрлан Нығматулин Әзірбайжан Қазақстанмен стратегиялық серіктес ел ғана емес, бауырлас мемлекет екенін, бүгінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Бакумен ынтымақтастыққа ерекше мән беретінін алға тартты.

Өз кезегінде мәртебелі мейман Қазақстанмен барлық салада әріптестік орнатып, парламентаралық өзара іс-қимылды жандандырып, сондай-ақ, сауда-экономикалық қатынастың берік негізі қаланғанына тоқталды.

Нұрлан Нығматулин мен Рашад Маммадов парламентаралық диалогты нығайту Қазақстан мен Әзірбайжан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: