Вакциналау қарқыны баяулап қалды: Елордалықтардың 9,7% ғана екпе алды

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.06.2021 17:31 zakon.kz
Мамыр айында егілгендердің саны сәуірге қарағанда 46% төмен.

Нұр-Сұлтанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сарқыт Бейсенова қаладағы вакцинация науқаны туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол қалада 100-ден астам вакцина кабинеттері бар екенін атап өтті.

Бүгінгі таңда қала тұрғындарының жалпы санының 9,4% -ы немесе 111 683 адам екпенің екі компонентін де алды. Бірінші компонент 14,3% немесе 169 632 адамды қамтиды. Сауда және ойын-сауық орталықтары, сауда үйлерінде уақытша егу пункттерінде жалпы саны 19 742 адам екпенің бірінші компонентін алды, ал қалада вакцина алған тұрғындардың 9 109-ы екінші компонентін салдырды, - деді Сарқыт Бейсенова әкімдікте өткен брифингте.

Оның айтуынша, соңғы бір айда вакцинация деңгейі төмендеген. Мамыр айында егілгендердің саны сәуірге қарағанда 46% төмен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: