Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заңға қол қойды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 15:19 Ақорда
Конституциялық Кеңес құжаттың Қазақстан Республикасының Ата заңына сай келетінін мәлімдеді.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

"Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне адвокаттық қызмет және заң көмегі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды", делінген Ақорда хабарламасында.

Президенттің баспасөз хатшысы атап өткендей, Мемлекет басшысы Үкіметке депутаттық корпуспен бірлесіп, қолданыстағы қазіргі заң жобасы аясында кейбір Заң нормаларын заңнамалық тұрғыдан нақтылау жөніндегі Конституциялық Кеңестің ұсыныстарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар Конституциялық Кеңес құжаттың Қазақстан Республикасының Ата заңына сай келетінін мәлімдеді.

Қабылданған заң адвокаттардың іс жүргізу өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталған:

1) қорғануға құқығы бар куәгердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты қылмыстық іс жүргізу кезінде; сот отырысында тәртіпті бұзғаны үшін адвокаттардан ақшалай өтемақы өндіріп алу шарасын жою; сотқа дейінгі тергеу деректерін ашуды білдірмейді дегенге нақты тұжырымдама берілген; адвокаттың қылмыстық іске қатысты ақпараты бар адамнан жауап алу тәртібін қарастырады; адвокаттың сот-медициналық сараптама өндірісі туралы сұранысының тұжырымдамасы енгізілген;

2) өтемақы алуға құқығы бар жәбірленушілерге қатысты;

3) қылмыстық жазаны орындау сатысында, мемлекет кепілдік беретіндей, сотталғандарға қатысты білікті құқықтық көмек көрсету;

4) азаматтық сот ісін жүргізу кезінде біртұтас ақпараттық жүйе арқылы электрондық құжат түріндегі сот қаулысын жолдауды жеделдету үшін ақысыз заң көмегін көрсетуді;

5) сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдерінен ақпарат алу мүмкіндігі тұрғысында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: