Қорғаушыны шектеу – азаматтардың конституциялық құқығын бұзу

kaztag.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 15:19 kaztag.kz
Адвокат Ақмола облыстық Экономикалық тергеу департаментінің заңсыз әрекетіне шағымданды.

4 маусымда жазбаша келісім негізінде азаматтың құқығы мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Ақмола облыстық Экономикалық тергеу департаментінің ғимаратына келдім, дейді желіде адвокат Ерлан Мәкенов.

– ЭТД ғимаратының төртінші қабатында сағат 12:30-дан 21:34-ке дейін болдым. Бірақ тергеу тобының жетекшісі А.Ф.Унгарбаев адвокат ұсынған хабарламаға, қызметтік куәлік көшірмесіне, клиенттің адвокатқа берген жазбаша рұқсатына қарамастан мені адвокат ретінде тергеу шараларына қатыстырмады.

Атап айтқанда:

1. Күдіктіден жауап алуға;

2. Сараптама қорытындысымен танысуға;

3. Күдіктінің әрекетіне баға беру жөніндегі жаңа қаулыны жариялауға.

Тергеу тобы жетекшісінің айтқан бар уәжі – "қазір уақыт жоқ, мерзім өтіп барады".

Мен тергеу тобы басшысының бұл әрекетімен үзілді-кесілді келіспеймін және оның үстінен Көкшетау қаласының тергеу сотына шағым түсірдім. Ақмола облысының Экономикалық тергеу соты "РемСтройСервис ПВ" ЖШС-іне қатысты ақша жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі бір жыл бойы тергеп жатыр, ал адвокатты қатыстыруға 5 минут уақыт бермеуіне негіз бар ма? Бұл Конституцияның 16, 39 және 10, 15, 31, 64, 66, 70, 89 және басқа баптарына қайшы келеді. Шамамен сағат 21:20-да Ақмола облыстық Экономикалық тергеу департаментінің ғимаратына қадағалаушы прокурор Бримжанов С.Т. келіп, адвокат өтінішін қарастырып, мәселені анықтаймыз деген уәде берді. Бұл қалай, өзі, деген сауал тастайды ол.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 15:19

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: