1,2 млн қазақстандық вакцинаның екі компонентін алды – Цой

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 15:39 zakon.kz
Бұған дейін Алексей Цой елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы айтқан болатын.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда жүргізіліп жатқан вакциналау барысы туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Оның сөзінше, жалпы, бүгінгі күнге дейін шамамен 3,6 млн доза вакцина қолданылған екен.

– Бірінші компонент 2 371 178 адамға егілді, бұл вакциналауға жататын адамдардың 24%-ын құрайды. Екінші компонентпен 1 264 247 адам қамтылды, деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы үкімет отырысында.

Оның айтуынша, вакциналау орталықтарында вакцина дозалары жеткілікті – бірінші компоненттің шамамен 1,2 млн дозасы және екінші компоненттің 835 мың дозасы бар. Сонымен бірге, елге вакцина жеткізу жұмыстары да жалғасуда.

Министр жергілікті атқарушы органдарға вакцина бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейтуді ұсынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: