Мұхтар Құл-Мұхаммед ЕО-ның Орталық Азия бойынша Арнаулы өкілімен кездесті

Е.Үкібаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 21:32 Е.Үкібаев
Қазақстан мен ЕО-ның экономикалық және саяси өзара іс-қимылы мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Сенаттың Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед Еуропа Одағының Орталық Азия бойынша арнаулы өкілі Питер Бурианмен кездесті, деп хабарлайды zakon.kz.

Мұхтар Құл-Мұхаммед әңгіме барысында Еуропалық Одақпен ынтымақтастық Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі бағыттардың бірі екенін атап өтті.

Еуропалық Одақ біздің сенімді стратегиялық әріптесіміз болып табылады. Біз шын мәнінде сенімді қарым-қатынас орнаттық, оны біз жоғары бағалаймыз, - деді сенатор.

Қазақстан мен ЕО-ның экономикалық, әлеуметтік-мәдени және саяси өзара іс-қимылы мәселелері жөнінде де пікір алмасылды.

Мұхтар Құл-Мұхаммедтің пікірінше, парламентшілер арасындағы байланыстарды үдету саяси диалогтың маңызды бөлігіне айналуы ықтимал. Ол Қазақстан Парламенті «Қазақстан-ЕО» парламенттік ынтымақтастық комитеті аясында Еуропалық Парламентпен сындарлы диалогты одан әрі дамытуға мүдделі екенін атап өтті.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 21:32

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: