УЕФА Украина құрамасының формасынан "саяси" жазуды жоюды талап етті
УЕФА Украина құрамасының формасынан "Героям слава" жазуын жоюды талап етті, деп хабарлайды zakon.kz.
Бірақ Қырыммен бірге салынған Украина картасының суретіне рұқсат берді. Өйткені БҰҰ мемлекеттің осы шекарасын мойындайды.
"Слава Украине" деген жазу да формада қалатын болды, өйткені ол саясиланған деп қарастырыла алмайды. Ал енді "Героям слава" деген екінші жазуды украиналықтар өз формасынан алып тастауы тиіс, өйткені ол бірінші жазумен бірге тұрғанда саяси мазмұнға ие екен.
Бұған дейін Украина құрамасының формасына байланысты Ресей футбол одағы УЕФА-ға хат жазып, шағым түсірген. Орыстар саяси мүдделерді спорттық киімде пайдалану УЕФА регламентіне сай келмейтінін меңзеп, наразылық білдірген болатын.