Жаңалықтар тізбегі
0

Мәскеу соты Навальныйдың штабтарын экстремистік ұйым деп, тыйым салды

Dimitar Dilkoff (AFP), сурет - Zakon.kz жаңалық 10.06.2021 22:08 Dimitar Dilkoff (AFP)
Ресей заңдарына сәйкес, Навальный штабтары мен Жемқорлықпен күрес қорында жұмыс істегендер енді сайлауға қатыса алмайды.

Мәскеу қалалық соты сәрсенбі күні кешке Алексей Навальный негізін қалаған Жемқорлықпен күрес қорын, сонымен бірге Навальный штабтарын және "Азаматтардың құқығын қорғау қорын" экстремистік ұйымдар деп танып, олардың Ресей аумағында қызмет етуіне тыйым салды, деп хабарлайды zakon.kz centralasian.org-ке сілтеме жасап.

Сот бұл ұйымдарды жою туралы шешім шығарды. Аталған ұйымдар тез арада қызметін тоқтатуы тиіс, дегенмен сот шешіміне шағым түсіруге болады.

Сот үкімі прокуратура шағымы негізінде қабылданды. Сот отырысы 12 сағатқа созылған. Отырыс соңында Жемқорлықпен күрес қорының адвокаттары сот залынан шығып кетті. Олар сотты әділ емес емес деп атады.

Адвокат Иван Павловтың айтуынша, айыптаушы тарап Жемқорлықпен күрес қорының наразылық акцияларына қатысқаны үшін жазаланғандардың айыппұлын төлеп берем деген уәдесін "экстремистік қызметті" қаржыландырудың дәлелі деп көрсеткен.

Сот тыңдауы жабық өтті, өйткені мұнда қаралған құжаттарға "құпия" мөрі басылған. Соттың соңғы отырысында қорғаушылардың істі жария ету туралы өтініші қабылданбады.

Қазір колонияда отырған Навальныйдың инстаграмында саясаткер атынан мынадай жазба жарияланды: "Көздеген мақсат пен идеямыздан бас тартпаймыз. Ел біздікі, одан басқа бізде ел жоқ".

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алексей Навальный (@navalny)

Ресей заңдарына сәйкес, Навальный штабтары мен Жемқорлықпен күрес қорында жұмыс істегендер енді елдегі сайлаулардың ешқайсына қатыса алмайды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: