Жаңалықтар тізбегі
0

Еліміздегі мектептердің тек 6% күзет ұйымдарымен келісімшарт жасасқан - ҚР ІІМ

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 17:49 zakon.kz
Министр тексерулер кезінде мектептердің жартысына жуығында заң бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.

ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев еліміздегі мектептердегі қауіпсіздікті ұйымдастыру жұмыстары туралы айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Ол тексерулер кезінде мектептердің жартысына жуығында заң бұзушылықтар анықталғанын атап өтті.

Мектептердің бейнебақылау жүйелерімен 100% жабдықталғанына қарамастан, олардың жартысына жуығы белгіленген стандарттарға сәйкес келмейді. Мектептердің үштен бір бөлігінен астамы ғана апатты жағдай туралы ескерту жүйелерімен жабдықталған, тек 8% -ында "дабыл" түймесі бар, ғимаратқа кіріп-шығуды бақылау және басқару жүйесі - 5%, турникеттер - 4%, металл іздегіштер - 1%. Қауіпсіздік ұйымдарымен мектептердің тек 6% -ы ғана келісімшарт жасасқан, - деді ІІМ басшысы.

Министр Білім министрлігімен бірге білім беру мекемелерінде алып жүруге тыйым салынған заттардың тізбесі жасалғанын еске салды. Бұл қару-жарақ, пышақ, кастеттер, лезвия, жарылғыш құрылғылары ойыншықтары, аэрозольды бояулар, пиротехника және газ құтысы. Ереже 13 маусымнан бастап өз күшіне енеді. Сонымен қатар, мектептердің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жеке күзет ұйымдарына қосымша біліктілік талаптары енгізіледі.

Қазіргі уақытта Білім министрлігімен бірге білім беру ұйымдарын қауіпсіздік жүйелерімен қамтамасыз етуге және оқушылар мен қызметкерлер үшін техногендік, табиғи төтенше жағдайлар мен дағдарыстық жағдайлар кезінде әрекет ету бойынша арнайы дайындықты ұйымдастыруға бағытталған бірқатар қосымша шаралар әзірленуде, - деді Тұрғымбаев.

11 мамырда Қазан қаласында мектепке шабуыл жасалып, салдарынан 9 адам қаза тауып, 18 адам жарақат алды. Бір оқушының қолында қару болғандығы және сыныптастарын жарақаттағаны туралы хабарланды.

Осы оқиғадан кейін қазақстандық депутаттар білім беру нысандарын қорғауды күшейтуді сұрады. Ішкі істер министрлігі енді мектептердегі қауіпсіздік жеке қауіпсіздік ұйымдарының бақылауында болатынын айтты.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: