Жаңалықтар тізбегі
0

Аяғына кроссовка кигізгеннен полиция өзгере қала ма?

freepik.com/wayhomestudio, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 23:07 freepik.com/wayhomestudio
Қазақ полициясы – қорғай ма, қорлай ма?

Министр Тұрғымбаев "реформа" дегеніңізді – киім ауыстырудан бастаған екен. Қараңыз: министр Тұрғымбаев 2021 жылдың соңына дейін патрульдер мен учаскелік полицейлердің формасын ауыстыратынын айтыпты. Ал түгел полицияның киімін 2 жылдың ішінде ауыстырып бітуді жоспарлапты. Ол – ол ма, гәпті полицейлердің аяқ-киімін ауыстырудан бастапты. Енді біздің полицейлер "қатты жүгіретін немесе өзі жүгіретін" кроссовка киетін бопты, деді желіде Нұргелді Әбдіғани.

Уәй деңіз...

Қош, полицейлердің киім үлгісін ауыстыру керек-ақ, делік. Алайда "әкелерін арбаға байлап қойып сабайтын", әкіреңдеген, ұрда-жық Қазақстан полициясын реформалаудағы кезек күттірмес мәселе – осы форма ма еді? Рас, теорияда кез келген дамыған һәм дамушы бағыттағы мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі – Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өзгеше айтқанда, полиция – қоғамның тұрмыс-тіршілігінің барлық саласында халықпен тығыз қарым-қатынаста. Мысалы, әлемнің алп-алп басқан алпауыт елдерінде қоғамның даму тенденцияларына байланысты полиция реформасы да уақыт талабына сай үздіксіз жүргізіліп келеді.

Ал бізде ше? Бізде өзі де тезірек кеткір Үкіметтегі қоғамның ең қатаң, ең ауыр, ең көп сынына ұшыраған дәл осы – Тұрғымбаев басқаратын министрлік!

Қазақстан полициясына айтылар сын көп. Ерлан мырза басшылық ететін министрлікке қарасты полиция қызметкерлері жендеттік жасауға бейім екенін қазақ баспасөзін былай қойып, әлем ақпарат құралдары жарыса жазып жатыр. "Қазақ полициясы – бейбіт акцияға шыққан бейбіт халықты ұрып-соғуға "мастер" деген ақпараттар әлеужеліде толып тұр. Қай тілде оқимын десеңіз де табылады. Қазақ полициясы – қорғай ма, қорлай ма? Басқасын айтпағанда, полицияның алаңға шығып, өз тілеген өз билігіне жеткізгісі келген жұртты боқауыз сөздермен балағаттайтын, ол аз десеңіз күш қолданып, тепкінің астына алатын ұрда-жық репутациясы қазақ полициясына деген сенімге селкеу түсірді. Енді сол олқылықты түзету үшін бұл салаға кешенді реформа жасалуы керек. Ал министрлік қазақ полициясының плинтустан төмен репутациясын киім ауыстыру һәм кроссовка кигізу арқылы өзгертеміз деуі бос әурешілік. Айтпағымыз осы, делінген жазбада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: