Әл-Фарабиде жылдамдықты шектеуге қатысты әкімдік түсінік берді

autoru-mag, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.06.2021 23:37 autoru-mag
Алдында ҚР ІІМ басшысы Алматы әкімдігінің әл-Фараби даңғылындағы рұқсатты шекті жылдамдықты қайта төмендету мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Алматы әкімдігі Ішкі істер министрінің әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты шектеу мүмкін екендігі туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды zakon.kz.

Әл-Фараби даңғылындағы жылдамдықты сағатына 80-нен 60 км-ға түсіру мәселесі Алматы қаласының әкімдігінде қарастырылып жатқан жоқ, - деді Алматы қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Әсет Мұқажанов.

Айта кетсек, 10 маусымда ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Алматы әкімдігінің әл-Фараби даңғылындағы рұқсатты шекті жылдамдықты қайта төмендету мәселесін қарастырып жатқанын айтты.

Алматыдағы әл-Фараби даңғылында соңғы 15 жыл бойы рұқсатты жылдамдық сағатына 80 шақырым болып келді. Қазір менің білуімше, қала әкімдігі рұқсатты жылдамдықты сағатына 60 шақырымға дейін азайту мәселесін қарастыруда, - деді Тұрғымбаев ОКҚ брифингінде.

Оның сөзінше, бұл сұрақты әкімдік жол инфрақұрылымы мен жүктемені ескере отырып шешеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: