Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандықтар көбіне Chevrolet Nexia алып жатыр

kolesa.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2021 18:21 kolesa.kz
Бір айда 10 мыңнан аса машина сатылды, оның 15 %-ы Nexia седаны.

2021 жылы мамырда Қазақстандағы ресми сатушылар 9.4 мың жеңіл машина, 695 жүк көлігі мен арнайы техника сатты. Сатылым мөлшері екі ай қатарынан 10 мыңнан асты. Бұл 2020 жылы мамырмен салыстырғанда 39.2 %-ға жоғары көрсеткіш, деп хабарлайды zakon.kz kolesa.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың алғашқы бес айында коммерциялық көліктерді қоса есептегенде 44.4 мың жаңа автомобиль иесін тапты. Бұл 2020 жылғы көрсеткіштен 68.8 %-ға артық. Былтырғы көрсеткіштің тым төмен болуына пандемия мен қатаң шектеулер тікелей әсер еткені белгілі.

Мамырда Chevrolet көліктеріне сұраныс жоғары болды. Қостанайда құрастырылған 2791 машина сатылды. Екінші орындағы Hyundai (1644 дана) көшбасшыдан әдауір артта қалды. Үздік үштікті Toyota (1398) түйіндеп тұр. Көктемнің соңғы айында Kia айтарлықтай жақсы өтіп, төртінші орынға жайғасты (сәуірде 761, ал мамырда 1030 көлік сатылған). Lada (702) алғашқы бестікке енді. Ресейлік бренд ұзақ уақыттан кейін үздіктер қатарына қосылып отыр.

2021 жылғы мамыр қорытындысы бойынша жаңа көліктер нарығындағы үздік 10 марка:

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.06.2021 18:21

Танымал модельдердің ондығында өзгеріс бар. Мамырда бірінші орынға Chevrolet Cobalt емес, Nexia (1522) ие болды. Ал Cobalt (1015) екінші сатыға сырғыды. Hyundai Accent (747) үздік үштіктегі орнын сақтап қалды. Ал төртінші және бесінші қатарға Kia Rio (617) мен Toyota Camry (584) жайғасты.

Сәуірде күтпеген жерден төртінші орынға көтерілген Hyundai Santa Fe мамырда қайта құлдырап, сегізінші сатыдан көрінді. Бұл модельдің сәуірде 619 данасы сатылса, өткен айда тек 304-і өтті. Тағы бір айта кетерлігі, Lada Largus (285) оныншы орынға ие болып, үздіктер қатарына қосылды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: