Оңтүстікте 40 градусқа дейін күн ысиды
wikimedia.org
Ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
"Қазгидромет" Қазақстан бойынша 2021 жылдың 15-17 маусымындағы ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.
Атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен, Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді, елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады.
Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін, елдің орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі деп күтілуде.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript