Жаңалықтар тізбегі
0

Еуропа сүйіншілеп, қуанып жатыр

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.06.2021 15:49 pixabay.com
Бастысы, вакцинация эпидемияны бақылауда ұстаудың негізгі шарасы болып қала береді - Словения ДСМ.

Словения Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Янез Поклукар 16 маусымнан бастап COVID-19 коронавирус инфекциясы эпидемиясының өз елінде аяқталғанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы РИА Новости Поклукардан ресми мәлімдемесінің видеосын жариялаған тиісті ведомстваның Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап, хабарлады.

Ертеңнен бастап Словенияда эпидемия ресми түрде аяқталған болып саналады, бірақ коронавируспен күрес әлі аяқталған жоқ. Бастысы, вакцинация эпидемияны бақылауда ұстаудың негізгі шарасы болып қала береді. ЕО-ның болашақ негізі вакциналаудың жалпы құндылықтары мен мақсаттарының ынтымақтастығы мен қолдауынан тұрады, - деді ол.

Министрліктің мәліметінше, соңғы тәулікте Еуропа елінде COVID-19 инфекциясының 112 жағдайы анықталды, сонымен қатар инфекциядан екі кісі өлім тіркелді. Ауруханаларда 122 науқас жатыр, оның 40-ы - жан сақтау бөлімінде. 769 мыңнан астам адам вакцинаның бірінші компонентін, ал 551 мыңнан астамы екіншісін алды. Жалпы, Словенияның халқы 2 миллион адамды құрайды.

Бастысы, вакцинация эпидемияны бақылауда ұстаудың негізгі шарасы болып қала береді. ЕО-ның болашақ негізі вакциналаудың жалпы құндылықтары мен мақсаттарының ынтымақтастығы мен қолдауынан тұрады, - деді Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Янез Поклукар.

Словенияда ғимарат ішінде маска тағу, әлеуметтік арақашықтықты сақтау және ғимаратта болуға рұқсат етілген адамдар санынан аспау туралы талап әлі күнге дейін өз күшінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: