Иранда президент сайлауы өтіп жатыр

dw.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2021 16:51 dw.com
Иранның қазіргі президенті бұл сайлауда өз-өзінің кандидатурасын ұсынуға құқығы жоқ, өйткені ол екі мерзім қатарынан қызмет атқарады.

Иранда президенттік сайлауда дауыс беру басталды, деп хабарлайды zakon.kz.

ТАСС-тың хабарлауынша, дауыс беру жұма күні жергілікті уақытпен сағат 07.00-де басталды (Нұр-Сұлтан уақытымен 08.30).

Сайлау күні Иранда шамамен 66,8 мың сайлау учаскелері ашылды. Сондай-ақ, ирандықтар әлемнің тағы 133 еліндегі 234 сайлау учаскелерінде дауыс бере алады. Сайлауға қатысуға құқылы Ислам Республикасы азаматтарының жалпы саны - 52,31 млн.

PressTV хабарлауынша, Иран лидері және рухани көсемі Али Хаменеи президенттік сайлауға қатысып жатыр. Ол өз дауысын Тегерандағы Имам Рухолла Хомейни кесенесінде орналасқан сайлау учаскесінде берді.

Хасан Рухани - Иранның қазіргі президенті бұл сайлауда өз-өзінің кандидатурасын ұсынуға құқығы жоқ, өйткені ол екі мерзім қатарынан қызмет атқарады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: