Желіде Баянауылдағы шипажайдың жабылатындығы туралы ақпарат тарады

stopfake.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2021 22:39 stopfake.kz
Бүгіндері Павлодар облысының Баянауыл ауданы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта орналасқан.

Қазақстандықтарды желідегі Баянауылдағы атақты шипжайдың жабылатындығы туралы хабар алаңдатып қойды, деп хабарлайды zakon.kz.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.06.2021 22:39

StopFake.kz қазіргі уақытта шипажайдың демалушылар үшін ашық екенін хабарлайды.

Қазақстандықтардың сүйікті демалыс орны аумағына карантин енгізу жоспарланып отырған жоқ.

– Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Павлодар облысының Баянауыл ауданы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша "жасыл" аймақта орналасқан. Бүгінгі таңда облыста эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұған қарамастан, барлық азаматтарды ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің барлық санитарлық талаптарын сақтауға шақырамын, – деді ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: