Ираннан келген темекі контрабандасының жолы кесілді
Жыл сайын темекі өнімдерінің қара нарығына ондаған миллиард темекі тасымалданады. Мысалы, тек өткен жылы Қазақстанға 1,2 млрд астам теңгеге 7,9 млн астам темекі қорабы заңсыз тасымалданды, деп хабарлайды zakon.kz ҚР ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Контрабанда темекі өнімдеріне салық салу жүйесіне нұқсан келтіріп, темекі шегуді жастарға қол жетімді ету арқылы қоғамға айтарлықтай зиян келтіреді.
Көбінесе темекі өнімдерінің контрабандасынан түсетін кірістерді қылмыстық және террористік топтар иеленді.
Маңғыстау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Иран Республикасынан Қазақстан аумағына темекінің экономикалық контрабандасын іске асырған қылмыстық топ қызметінің жолын кесті.
Тергеу барысында Ақтау қ. "Морпорт" кеден бекеті басшысының қолдауымен Ираннан керамикалық плиткалар мен томат пастасы түрінде 30 контейнер темекі заңсыз тасымалданғаны анықталды.
Темекінің заңсыз контрабандасына көмек көрсету үшін ҰҚТ мүшелері ақшалай сыйақы ұсынған.
Тәркіленген темекінің кедендік құны – 1,7 млрд астам теңгені, кедендік төлемдер мен салықтар – 4,8 млрд астам теңгені құрады.
Басты ұйымдастырушы және лауазымды тұлға – 10 жылға, құқыққа қарсы қызметтің үш сыбайласы 5 жылға сотталды.