Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақтар итін сойып жей бастады

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.06.2021 23:15 inbusiness.kz
"Арабтардан артық тұрамыз" деп еді ғой?!

Иә, бізге "әлі арабтардан да артық тұрасыңдар" деп еді. Рас қой, қазаққа тәуелсіздік келген әу баста көреген басшылар солай деді. Сосын, 2020 жылдан кейін жағдайымыз жақсы болып, әлі-ақ жайнап шыға келеміз десті тағы да солар. "Екі сиыр сатып алып, үйден артылған сүтті сатумен-ақ бала-шағаны асырауға болады" деп, жанашыр ақылын да айтты. Латын әліпбиін тықпалай бастағанда да бәрі "Saebiz" болады деп, қалжыңмен де сендірмек болған бұлар, деген ой тастайды танымал блогер Шыңғыс Бауыржанұлы.

Оның бәрі кеше еді. Ал бүгін ше?

– Қазір, міне, 2021 жыл. Мұнай, газ, уран сияқты көптеген табиғи ресурстардың бағасы біз үшін жайлы "дәлізде" келе жатыр. Бірақ неге екенін, өзіміз жылда егетін кәдімгі сәбіздің бағасы Германия, Швейцария, Сингапур мен БАӘ-дегі бағалардан асып кетті. Олар деген – сәбіз өсіруге табиғи жағдайы жоқ елдер. Бірақ өмір сүру деңгейі мен халықтың табысы біздікінен бірнеше есеге, тіпті кейбірі ондаған есеге жоғары елдер бұл.

Ұқпай қалдық қой. Алыс құрлықтардағы жердің бір жерінен айлап-жылдап жеткізілетін, жол бойы сақталатын, кедендік салықтары төленетін, фитосанитарлық түрлі тексеруден өтіп келетін экзотикалық жемістерден біздің кәдімгі сәбіз қалайша қымбат боп шыға келді? Сәбіз ғана емес, әлеуметтік маңызы бар басқа да тауарлар бағасы солай болып жатыр. Жалпы, Қазақстанда қазір бәрі-бәрі қымбаттап жатыр.

Үкімет экономиканың өсімі туралы, нарықтардағы тұрақтылықты айтып, халықтың әу-ауқаты өсті деп күн сайын қанша қақылдаса да, елдегі сөрелердегі тауарлардың бағасы бәрін айтып тұр бізге. Үкімет қалай сөйлеткісі келсе солай сөйлете беретін сандарды қойшы. Кең-байтақ еліміздің батысында апат болып жатыр, мал қырылып, балық өліп жатыр жаппай: қоқысты қопарып тамақ іздеген жылқы, қағаз бен картон жеген түйелерді де көрдік кеше. Солтүстікте адамдар ит сойып жей бастады. Елдің әр түкпірінде кәдімгі ішетін ауызсу тапшылығы өткір тұр.

Биліктің қателіктері мен өтірігі туралы талай жазылды, жергілікті әкімқаралардың біліксіздігі мен жауапсыздығы туралы өте көп айтылды. Меніңше, үкімет басшысы, үкімет мүшелері, депутаттар мен елдегі осы жағдайға тікелей жауапты тұлғалардың бәрі енді халық алдында өз қателігін ашық мойындауы керек. Азғантай ары бар болса, өз алдына жүктелген міндеттерді мүлдем орындай алмағаны үшін халықтан кешірім сұрауы тиіс те, сосын, өз еркімен отставкаға кете салуы керек. Айқай-шусыз, үндемей ғана кетуі тиіс. Еркекше! Өйткені дамыған елдердің бәрінде үкімет сөйтеді. Бәріміз үшін солай болғаны дұрыс. Қазақстанды миы қатып, "қуа бастаған" компьютер сияқты бір өшіріп, қайта қосу керек. Себебі бұл жүйе қатты қызып кетті, түтіні шыға бастады. Әйтпесе бұрқ ете қалуы мүмкін! Сонда көреді олар қызықтың көкесін, – дейді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: