Синоптиктер алдағы демалыс күндергі ауа-райы болжамымен бөлісті

pixabay.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.06.2021 18:15 pixabay.com
Атмосфералық фронтальды ауа массаларының алмасуы әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, ауық-ауық жаңбыр жауады.

Синоптиктер 26-28 маусымға арналған ауа-райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.

Атмосфералық фронтальды ауа массаларының алмасуы әсерінен еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, ауық-ауық жаңбыр жауады.

Тек Қазақстанның батысында жауын-шашынсыз ыстық ауа-райы сақталады.

Республикамыздың шығыс және оңтүстік бөліктерінде жел күшейіп, оңтүстік облыстарда шаңды дауыл болады, - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы да болжанады: күндіз солтүстікте 20-32 С дейін, орталықта 20-37 С дейін, шығыста 15-28 С дейін сынап бағаны көтеріледі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: