Қазақстан мектептеріндегі қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қанша қаржы бөлінеді

mel.fm, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.06.2021 16:25 mel.fm
1,4 миллиард бейнебақылау жүйелерін стандарттарға сәйкестендіру жұмыстарына бағытталып отыр - Асхат Аймағамбетов.

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Қазақстанның барлық мектептерін бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етілгенін, бірақ тек 55% -ы стандарттарға сәйкес келетіндігін атап өтті, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

1,4 миллиард бейнебақылау жүйелерін стандарттарға сәйкестендіру жұмыстарына бағытталып отыр. Түркістан, Атырау және Жамбыл облыстарының әкімдіктері қаржы бөлмеді. Сізден шара қолдануыңызды сұраймын, - деді Асхат Аймағамбетов үкімет отырысында.

Оның айтуынша, білім беру мекемелерінде " дабыл" батырмасын орнату жұмыстары да жүргізіліп жатыр.

Бүгінгі күні "дабыл" батырмасының саны - 648. Тек Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында бұл мәселелер толығымен шешілді. Бұл мәселені шешу үшін жергілікті бюджеттерден 980 млн теңге көлемінде қаражат қарастырылды. Түркістан, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында қаражат бөлінбеген, - деді Білім және ғылым министрі.

Мамандандырылған қауіпсіздік мәселесіне келсек, қала мектептерінің тек 38% -ы ғана келісімшартқа отырған.

Жергілікті атқарушы органдар 828 миллион теңге бөлді, бірақ оның қажеттілігі 5,7 миллиард теңгені құрайды. Сегіз облыста - Жамбыл, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстарында және Шымкент қаласында ақша бөлінбеген, - деді министр.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: