Жаңалықтар тізбегі
0

Депутаттар каникулға шықты

видеодан алынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 17:28 видеодан алынды
30 маусымда қос палатаның бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламентінің VII шақырылымының бірінші сессиясының жабылғанын мәлімдеді.

Қазақстан Парламентінің депутаттары демалысқа шықты, деп хабарлайды zakon.kz.

Қос палатаның бірлескен отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин ҚР Парламентінің VII шақырылымының бірінші сессиясының жабылғанын мәлімдеді.

Заңдарды қарау мен қабылдаудан басқа, осы сессия барысында депутаттар еліміздің экономикалық және әлеуметтік өміріндегі өзекті мәселелер бойынша бірқатар іс-шаралар ұйымдастырды. Парламент қабырғасында өткен сессия барысында санитарлық-эпидемиологиялық шектеулерге қарамастан, үш үкіметтік сағат, бір парламенттік тыңдалым, 35 дөңгелек үстел және комитеттердің тыс жерде 8 отырысы өтті. Сонымен қатар, еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына орайластырылған "Астанадағы ЕҚЫҰ Саммиті 2010 - тарихи маңызы мен өзектілігі" тақырыбында осы оқиғаның 10 жылдығына арналып онлайн-конференция ұйымдастырылды, - деді ол.

Сонымен қатар, ол өткен сессия барысында Nur Otan партиясы, Халықтық партия және "Ақ жол" партиясының барлық үш парламенттік фракциялары, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобы белсенді жұмыс жасағанын атап өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: