Жаңалықтар тізбегі
0

ТЖМ қатты ыстыққа байланысты далаға шықпауға кеңес береді

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 22:46 24kz
Әрине, қатты қажеттілік болмаған жағдайда.

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде 30 маусым мен 2 шілде аралығында қатты ыстық сақталатындығын айтып отыр. Осыған байланысты ҚР ТЖМ ескерту жариялады, деп хабарлайды zakon.kz.

"Нұр-Сұлтан қаласында 1-2 шілдеде күндіз 35-37 градус қатты ыстық күтіледі. Алматы қаласында 30 маусым күні күндіз 33-35 градус қатты ыстық болады. Шымкент қаласында 30 маусым-2 шілде аралығында 40 градус аптап ыстық болады деп күтіледі" деп хабарлайды Қазгидромет РМК.

Төтенше жағдайлар министрлігі ыстықтан сақтану үшін бірқатар кеңеспен бөлісті:

- азаматтарға аса қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес беріледі.

- ағзаны сусызданудан қорғау үшін көп су, күніне кемінде 1,5-3 литр сұйықтық ішу керек;

- аптап ыстықта кез келген физикалық белсенділіктен бас тартыңыз; – күндіз күн сәулесі бөлмеге кірмеуі үшін терезелерді ашық реңкті перделермен жабыңыз;

- күн өтпес үшін бас киім, ашық ауа өткізбейтін киім (мақтадан жасалған) киіңіз. Ыстық ауа райында балаларға ерекше назар аударып, сақ болыңыз.

Сонымен қатар азаматтарды дала және орман алқаптарында болған кезде қауіпсіздік қағидаларына сақтауға шақырамыз. Табиғи өрттердің орын алуының негізгі себептері халықтың отты абайсыз пайдалануы, сөндірілмеген темекі, алау, жанған сіріңке, майлы немесе тозығы жеткен шүберек, шыны бөтелке, көлік құралының сөндіргішінен ұшқыны, құрғақ шөптің жағу, найзағай болып табылады, делінген ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: