Жаңалықтар тізбегі
0

Ноғаев АЭС құрылысы туралы: Шешім әлі қабылданған жоқ...

inbusiness.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.06.2021 23:32 inbusiness.kz
Біз ықтимал тәуекелдер мен алаңдаушылық туғызатын қауіп-қатерлерді жан-жақты қарастыруымыз керек, содан кейін қоғамдық пікірді ескере отырып шешім қабылданады.

Энергетика министрі Нұран Ноғаев Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы шешім әлі қабылданбағанын айтты, деп хабарлайды zakon.kz тілшісі.

Энергетика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Мемлекет басшысының қоғамдық пікірді және атом электр стансасы құрылысының мүмкін болатын әсерін зерделеу бойынша тапсырмаға сай жұмыстар жүргізіп жатыр. Әзірге, шешім қабылданған жоқ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бізге асығудың қажеті жоқ, бірақ біз де артта қалмауымыз керек екенін айтты. Сондықтан біз ықтимал тәуекелдер мен алаңдаушылық туғызатын қауіп-қатерлерді жан-жақты қарастыруымыз керек, содан соң қоғамдық пікірді ескере отырып шешім қабылданады. Бүгінгі күнге дейін ешқандай шешім қабылданған жоқ, - деді Энергетика министрі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

26 мамырда электр энергетикасын дамыту жөніндегі кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атом энергиясын ескермеуге болмайтынын мәлімдеді. Ол атом электр станцияларын салуға асықпауды, алайда уақытты ұтымды пайдаланып, қазақстандықтар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: