Индустрия вице-министрі Аманияз Ержанов қызметінен босатылды

ПМ, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 20:12 ПМ
Ол бұл лауазымға 2019 жылы наурызда тағайындалған.

ҚР Үкіметінің қаулысымен Аманияз Қасымұлы Ержанов Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі лауазымынан босатылды, деп хабарлайды zakon.kz.

Аманияз Ержанов 1960 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтын, БЛКЖО жоғары комсомол мектебін, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы бас инженер-гидротехник қызметінен бастаған.

2018-2019 жылдары — ҚР қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі.

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі таңға дейін ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі қызметін атқарды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: