Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда eOtinish электрондық жүйесі енгізілді

almaty.tv, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.07.2021 21:18 almaty.tv
Ол азаматтардың өтініштерінің қаралуын бақылайды.

2021 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс күшіне енеді. Оның нәтижесінде азаматтардың өтініштерімен жұмыс түбегейлі өзгереді – оларды бақылау үшін eOtinish электрондық жүйесі енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз конференциясында Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұрын бізде азаматтардың өтініштерін қарайтын бірыңғай жүйе болған жоқ, сондықтан біз қандайда бір талдау жүргізіп, өтініштердің қаралу процесін бақылай алмадық. Бұл ақпаратсыз өтініш берушілердің портретін жасау және Мемлекеттік орган жұмысының сапасын бағалау қиын. EOtinish электрондық өтініштер жүйесін енгізу – осы мәселелерді шешеді, – деді Әсет Тұрысов.

ЕOtinish электрондық өтініштер жүйесі мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін және азаматтардың өтініштерінің қаралу барысындағы ашықтықты арттырады. Мемлекеттік орган жаңа Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекс бойынша 15 жұмыс күні ішінде өтінішке жауап беруге міндетті.

Әсет Тұрысов айтып бергендей, өтініштерді екі жолмен беруге болады. Азамат ХҚО, әкімдік немесе мемлекеттік органға келіп, өз өтінішін қалдыра алады. ХҚО-ларда бұл үшін eotinish арқылы өтініштерді қабылдайтын арнайы пункттер құрылған. Бұл жеке кабинеттер, онда ХҚО операторы өтінішті қабылдап, оны eOtinish жүйесінде тіркейді. ХҚО негізінде осындай өтініштерді қабылдайтын 259 пункт құрылды. Өз кезегінде, мемлекеттік органдардың қызметкерлері сол өтінішті қабылдап, eOtinish-те тіркейді.

EOtinish жүйесі әрбір ауыл әкімдігінде де орнатылады. Әкімдіктердің қызметкерлері жүйені пайдалану бойынша арнайы оқудан өтті және eOtinish арқылы азаматтардың өтініштерін қабылдай алады. Ауыл тұрғындары үшін әкімдіктер жүйеге кіру нүктесіне айналады.

Егер ХҚО немесе мемлекеттік органға баратын уақыт болмаса, өтінішті eGov порталы, eOtinish, eGov mobile, aitu мобильдік қосымшалары арқылы беруге болады.

ЕOtinish электрондық жүйесі өтініш берушілерге өз өтініштерінің қаралу барысын бақылауға, берілген жауаптың сапасын бағалауға және қазақстандықтардың нақты проблемаларын көруге мүмкіндік береді. Қазақстандықтарға өтініштерінің треккингі қолжетімді болады – SMS арқылы мемлекеттік органда өтініштің қаралу кезеңдері туралы хабарламалар келіп тұрады. Өтініштің қаралу тарихы жүйеде сақталады, мемлекеттік орган бұрын қабылданған шешімдерді көре отырып, әкімшілік істі қалыптастырады.

Eotinish электрондық өтініштер жүйесінің бас операторы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болады. Мемлекеттік корпорация eOtinish арқылы алынған деректердің талдауын жүргізеді. Талдау өңірлер тұрғысынан адамдардың проблемаларын көруге, мемлекеттік органдар жұмысының тиімділігін анықтауға, қазақстандықтардың әлеуметтік көңіл-күйінің көрінісін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: