Зайсан ауданында малдың жаппай қырылғаны расталмады
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі
Шындыққа жанаспайды - республикалық комиссия.
Соңғы уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында Зайсан ауданы, Шілікті ауылдық округінде белгісіз індеттен мал қырылып жатыр деген ақпарат тағы да жариялана бастады, деп хабарлайды zakon.kz.
Қоғамды дүрліктірген ақпаратты тексеру мақсатында 27-28 маусымда ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Бауыржан Абызбаевтың төрағалығымен, облыстың ветеринарлық қызметі, аудан әкімдігі мен мал иелерінің қатысуымен Республикалық комиссия жұмыс істеді.
Аталмыш Республикалық комиссия малдың «жұқпалы аурулардан жаппай қырылу» фактісінің жоқтығын тағы да растады.
Естеріңізге салсақ, осыған дейін мамыр айының ортасында Шілікті ауылында тексеру жүргізіліп, 25 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл ақпараттарды теріске шығарып, Шығыс Қазақстан облысында аса қауіпті аурудан мал қырылып жатыр деген ақпарат жалған және ондай дерек мүлде тіркелмегені айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript