Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда әскерилердің 98%-і вакцина алды

24kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.07.2021 23:58 24kz
Шұғыл қызметтің әскерилері 100% вакцина қабылдады. Оның 93%-і екі компонентті де алып үлгерді - Қорғаныс вице-министрі.

Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери қызметкерлер мен персоналдың 98%-і вакцина алған, деп хабарлайды zakon.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев орталық коммуникациялар қызметінде осындай мәлімет айтты.

"Бүгінде Қарулы Күштер жеке құрамының 89%-тен астамы вакцинаның екі компонентін де алды. Жалпы әскерилер мен азаматтық персонал өкілдерінің 98%-і екпе алған. Яғни, тек медициналық қарсы көрсетілімдері бар адамдар ғана екпе алған жоқ. Шұғыл қызметтің әскерилері 100% вакцина қабылдады. Оның 93%-і екі компонентті де алып үлгерді", - деді министрлік өкілі.

Сондай-ақ ол жеке құрам арасында вакцинация белсенді ұйымдастырылғандықтан ұжымдық иммунитет қалыптасып, соның арқасында көптеген шектеулер күшін жойғанын айтты.

"Бұған дейін де айтқанымыздай, қатарымызда ұжымдық иммунитет қалыптасқан. Бұл көптеген шектеуді алып тастауға мүмкіндік беріп отыр. Соның арқасында жоспарланған әскери дайындықтарды жүргізіп, шараларды толық көлемде атқару мүмкін болып отыр", - деді министрдің орынбасары.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: