Мамин Ауылшаруашылығы саласының жаңа вице-министрін таныстырды

Бұл лауазымға Ербол Қарашөкеев тағайындалды.
ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ауыл шаруашылығы жаңа вице-министрі – министрдің міндетін атқарушы Ербол Қарашөкеевті таныстырды, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Үкіметінің қаулысымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев ҚР ауыл шаруашылығы вице-министрі – министрдің міндетін атқарушы лауазымына тағайындалды. Ербол Қарашөкеев "ҚазАгро" холдингінің басқарма төрағасы лауазымында, сондай-ақ Президент Әкімшілігінде, Қаржы және Ауыл шаруашылығы министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды, делінген primeminister.kz сайтында.
10 шілдеде ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин оны Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұжымына таныстырды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript