Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстандық әскери топографтар "Горизонт-2021" оқу-жаттығуларына қатысты

ҚР Қорғаныс министрлігі, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 21:14 ҚР Қорғаныс министрлігі
Оқу-жаттығу Новгород облысы Борович қаласындағы экспедициялық топогеодезиялық жасақтың оқу-жаттығу орталығы базасында өтті. Оған 200-ден астам әскери қызметші қатысты.

Ресей Федерациясының әскери оқу орындарында топографиялық мамандық бойынша білім алып жатқан қазақстандық офицерлер мен курсанттар алғаш рет "Горизонт-2021" топогеодезиялық және навигациялық қамтамасыз ету бойынша тактикалық-арнайы оқу-жаттығуға қатысты, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР Қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, оқу-жаттығу Новгород облысы Борович қаласындағы экспедициялық топогеодезиялық жасақтың оқу-жаттығу орталығы базасында өтті. Оған 200-ден астам әскери қызметші қатысты.

Қазақстандық әскери қызметшілер Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті мен Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының Әскери-топографиялық басқармасы арасындағы уағдаластықтар шеңберінде оқу-жаттығуға қатысты.

Қазақстандық әскери қызметшілер далалық жағдайларда топогеодезиялық техника мен аспаптарда жұмыс істеп, операцияларды топогеодезиялық қамтамасыз етуді жоспарлауға қатысты.

Әскери топографтар қысқа мерзімде жергілікті жердің арнайы карталарын, фотожоспарлары мен макеттерін жасады. Қазіргі заманғы бағдарламалық-аппараттық кешендердің көмегімен әртүрлі міндеттерді шешу үшін әскерлерге қажет картографиялық материалдарды басып шығаруға дайындық жүргізілді.

Оқу-жаттығу нәтижелері бойынша, сондай-ақ Ресей жоғары әскери оқу орындарының профессорлық-оқытушылар құрамымен және тыңдаушыларымен тәжірибе алмасу барысында қазақстандық әскери қызметшілер әскерлерді геоақпараттық қамтамасыз ету міндеттерін жоспарлауды және орындауды ұйымдастыруда іс жүзінде дағдыларға ие болды.

Қазақстандық мамандардың жұмысы жоғары бағаланды. Алдағы уақытта да еліміздің әскери топографтары осындай оқу-жаттығуларға тұрақты негізде қатысатын болады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.07.2021 21:14

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: