Елбасы Әбсаттар Дербісәлінің қазасына байланысты көңіл білдірді

AFP, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.07.2021 20:55 AFP
Нұрсұлтан Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Елбасы белгілі ғалым, қоғам қайраткері Әбсаттар Дербісәлінің өмірден өтуіне байланысты орны толмас ауыр қайғыға ортақтасып, көңіл айтты, деп хабарлайды zakon.kz.

"Қазақстанның Тұңғыш Президенті Әбсаттар қажы Бағысбайұлы саналы ғұмырын ғылым жолына, діни ағарту саласына арнаған парасаты биік, пайымы жоғары, ақжарқын азамат болғанын атап өтті. Жеделхатта көрнекті дінтанушының Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшысы қызметін атқарған кезде мүфтият жұмысын жаңа деңгейге көтеруге, елімізде дінаралық татулық пен ұлтаралық келісімнің нығаюына зор үлес қосқаны айтылған", делінеді Елбасы сайтындағы көңіл білдіру хабарламасында.

Нұрсұлтан Назарбаев Әбсаттар Дербісәлінің ғибратты ғұмыры мен жарқын бейнесі жұртшылық жадында әрдайым сақталатынына сенім білдірді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: